26.04.2012, 13:01 3428

Елбасы Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасын қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан Президенті С.Нарышкинді Думаның спикері қызметіне тағайындалуымен құттықтап, екі елдің Парламенттері Қазақстан мен Ресейдің интеграциялық процестерінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті С.Нарышкинді Думаның спикері қызметіне тағайындалуымен құттықтап, екі елдің Парламенттері Қазақстан мен Ресейдің интеграциялық процестерінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Биылғы жыл біз үшін өте маңызды. Мамыр айында тарихи келісімге - Қазақстан мен Ресей арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара жәрдем туралы шартқа 20 жыл толады. Қазіргі кезде бұл құжаттың көптеген баптары жүзеге асырылды. Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағытын, сондай-ақ әлемде қалыптасып отырған қазіргі заманғы шындықты ескере отырып, аталған Шартты жаңарту қажет. Жаңа интеграциялық процестер - Кеден одағының, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің (БЭК) құрылуы жаңа міндеттер мен мақсаттардың қойылуын талап етеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде С.Нарышкин Қазақстан Ресейдің маңызды стратегиялық әріптесі болып саналатынын атап өтті.

"Біз екі ел арасындағы барлық саладағы ынтымақтастықты бағалаймыз. Ол біздің азаматтарымыз үшін нақты нәтижелер әкелетіні маңызды. Кездесу барысында біз сондай-ақ Кеден одағы, БЭК және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция мәселесін талқыладық. Бұдан басқа, біз интеграциялық жобалардың парламенттік өлшемдерін сөз еттік", - деді Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны