09.02.2015, 21:10 3906

Елбасы Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтыӊ, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдыӊ ағымдағы мәселелерін талқылады

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтыӊ, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдыӊ ағымдағы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

В.Путин өзініӊ Германия және Франция көшбасшыларымен 6 ақпанда Мәскеуде өткен келіссөздерініӊ қорытындылары, сонымен қатар "норманд форматында" 8 ақпанда телефон арқылы өткізген келіссөздері жөнінде айтты. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде 11 ақпанда өткізу жоспарланған төртжақты келіссөздер Украина қақтығысын реттеу жолдарын іздестіру ісінде мәмілеге келуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Бұдан бөлек, Ресей экономикасындағы уақытша қиындықтарға байланысты мемлекеттер басшылары өзара сауданыӊ ағымдағы мәселелерін талқылады. Екі ел үкіметтеріне өзара тиімді шешімдер әзірлеу жөнінде тапсырма берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны