27.02.2015, 09:35 3790

Елбасы Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Украинадағы қазіргі ахуалды талқылап, жалпы алғанда, қақтығыс аумағында оқ атуды тоқтатуға қол жеткізілгенін атап өтті

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Украинадағы қазіргі ахуалды талқылап, жалпы алғанда, қақтығыс аумағында оқ атуды тоқтатуға қол жеткізілгенін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттер басшылары Украина дағдарысын реттеу үшін 12 ақпандағы Минск келісімдерін орындаудыӊ маӊыздылығына тоқталды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылыныӊ өзекті мәселелері де қарастырылды.

Соӊында В.Путин Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерініӊ наурыз айына жоспарланған Астанадағы үшжақты кездесуіне қатысуға ниетті екенін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны