06.04.2016, 16:30 3842

Елбасы Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтыӊ перспективаларын талқылап, өӊірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтыӊ перспективаларын талқылап, өӊірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Таулы Қарабақтағы қазіргі ахуалға айрықша назар аударылды. Мемлекеттер басшылары қақтығысушы тараптарды оқ атуды доғару режімін қамтамасыз етуге және бейбіт келіссөзді қайта қалпына келтіруге шақырды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентініӊ Брюссельде және Вашингтонда өткен келіссөздеріне орай Украинадағы ахуалды реттеуге байланысты пікір алмасылды.

Сондай-ақ еуразиялық интеграция, атап айтқанда, алдағы уақытта Астанада өткізу жоспарланып отырған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊес отырысы мәселелері талқыланды.

Телефон арқылы әӊгімелесуге Ресей жағы бастамашы болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны