16.05.2012, 09:02 3086

Елбасы ресейлік әріптесін лауазымына кірісуімен құттықтады

"Сізді жуырда, сіздермен бірге бәріміз атап өткен Ұлы Жеңістің 67 жылдығының қарсаңында өткен сайлаудағы жеңісіңізбен және ұлықтау рәсімімен құттақтаймыз", - деді Н. Назарбаев ресейлік әріптесіне қарата айтқан сөзінде.

Мәскеу. 16-мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинді лауазымына кірісуімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Президенті ресейлік тарапты қонақжайлық пен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

"Сізді жуырда, сіздермен бірге бәріміз атап өткен Ұлы Жеңістің 67 жылдығының қарсаңында өткен сайлаудағы жеңісіңізбен және ұлықтау рәсімімен құттақтаймыз", - деді Н. Назарбаев ресейлік әріптесіне қарата айтқан сөзінде.

"Қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша, біз сенімді жағдайда анағұрлым өзекті мәселер бойынша пікір алмасып, ұйымымыз аясында бірқатар шешімдерді қабылдаймыз деген сенімдемін", - деп атап өтті ҰҚШҰ-ға төрағалық етіп отырған Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны