21.02.2012, 09:58 3383

Елбасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады

О. Өксікбаев Мемлекет басшысына Есеп комитетінің 2011 жылғы жұмысының қорытындысы, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің стратегиялық жоспарларын іске асыру тиімділігін бақылаудың нәтижелері, инвестициялық жобалардың атқарылуы, сондай-ақ оларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының игерілуіне байланысты негізгі проблемалар туралы хабардар етті.

оАстана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, О. Өксікбаев Мемлекет басшысына Есеп комитетінің 2011 жылғы жұмысының қорытындысы, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің стратегиялық жоспарларын іске асыру тиімділігін бақылаудың нәтижелері, инвестициялық жобалардың атқарылуы, сондай-ақ оларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының игерілуіне байланысты негізгі проблемалар туралы хабардар етті.

Кездесу барысында Есеп комитетінің төрағасы Президентке жекелеген бақылау іс-шараларының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы кезінде орын алған тәртіп бұзушылықтар жөнінде баяндады.

Сондай-ақ О. Өксікбаев Мемлекет басшысын мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша жүргізген жұмыстардың қорытындысы, Қазақстанның қаржылық аудит саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылының жай-күйі туралы хабардар етті.

Президент облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылу тиімділігіне баға беру жөніндегі қызметінің нәтижелері, сондай-ақ өңірлерге трансферттер мен инвестициялар түрінде түскен республикалық бюджет қаражатының жұмсалуы жайын нақтылады.

О. Өксікбаев тексеру комиссиясы өңірлердегі өз жұмысын 2011 жылы бастағанын атап өтті. Комиссия тарапынан 90-нан астам тексеру жүргізілді. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының бақылаушылары қамтыған қаражат көлемі 2011 жылдың 4-тоқсанында 91,9 млрд. теңгені құрады. Осы ретте жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден астам тәртіп бұзушылық анықталды. 40-тан астам адам жауапкершілікке тартылды. Есеп комитеті тарапынан тексеру комиссиялары жұмысының әдістемесі әзірленді, олардың жұмысын ұйымдастыру жөнінде тоғыз нормативтік құжат дайындалды. Комиссиялар мамандарының, қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде семинарлар ұйымдастыру жоспарлануда.

Кездесудің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны