14.02.2013, 09:43 3126

Елбасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусинді қабылдады

А.Мусин Қазақстан Президентін Есеп комитетінің 2012 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың тиімділігіне бақылау жасау, сондай-ақ, бюджеттік қаражатты пайдалану нәтижелері туралы хабардар етті.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусинді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

А.Мусин Қазақстан Президентін Есеп комитетінің 2012 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың тиімділігіне бақылау жасау, сондай-ақ, бюджеттік қаражатты пайдалану нәтижелері туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, кездесу кезінде Есеп комитетінің төрағасы Мемлекет басшысына "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды жоғары қаржылық бақылау органының орындауы туралы баяндады.

Бұған қоса, А.Мусин Мемлекет басшысына жергілікті бюджеттердің тиімді атқарылуын бағалау жөніндегі Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссиялары қызметінің нәтижелері, сондай-ақ трансферттер мен инвестициялар түрінде өңірлерге түсетін республикалық бюджеттік қаражаттың жұмсалуы туралы мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны