16.03.2012, 11:31 3370

Елбасы Республикалық Ұланның құрылғанына 20 жыл толуына арналған Президент оркестрінің жыл сайынғы есеп беру концертін тамашалады

Концертте өздерінің шығармашылық жолын Президент оркестрінде бастаған Қазақстанның танымал әртістері өнер көрсетті. Олар - Қазақстан Республикасының халық әртісі Айман Мұсақожаева, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері" Нұрлан Өнербаев, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мұрат Шалабаев, Ғалым Ахмедьяров, Валерий Скороход, Александр Аблаев және халықаралық конкурстардың лауреаты Болат Мажағұлов.

Астана. 16-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық Ұланның құрылғанына 20 жыл толуына арналған Президент оркестрінің жыл сайынғы есеп беру концертін тамашалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, концертте өздерінің шығармашылық жолын Президент оркестрінде бастаған Қазақстанның танымал әртістері өнер көрсетті. Олар - Қазақстан Республикасының халық әртісі Айман Мұсақожаева, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері" Нұрлан Өнербаев, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мұрат Шалабаев, Ғалым Ахмедьяров, Валерий Скороход, Александр Аблаев және халықаралық конкурстардың лауреаты Болат Мажағұлов.

Президент оркестрі республикамыздың мәдени және музыкалық өміріне белсене қатысып, Қазақстанды халықаралық музыкалық аренада танытып келеді. Оркестрдің әртістері ТМД елдерінің, Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Түркия, Австрия, Бельгия, Малайзия, Египет, Үндістан және өзге де әлем елдерінің сахналарында концерттер қойып жүр.

Президент оркестрі барлық іс-шараларда музыкалық аспаптардың барлық түрінде асқан шеберлікпен ойнап, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетіп келеді.

2006 жылдан бері оркестрге подполковник, аранжирлеуші-иструменттеуші, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының әскери-дирижерлік факультетінің түлегі, "Елім менің" атты алғашқы республикалық патриоттық әндер конкурсының лауреаты, үрмелі оркестрге арналған партитура авторы, мемлекеттік Инұранның аранжировкасының авторы Талғат Бердіғұлов жетекшілік жасайды.

Республикалық Ұланның Президенттік оркестрі Қазақстандағы протоколдық, дипломатиялық, мемлекеттік және өзге де салтанатты іс-шаралардың музыкалық бөлігін қамтамасыз етеді. Оркестр фольклордан бастап классикаға дейін, академиялық музыка мен қазіргі заманғы композиторлар музыкасының, әлемдік музыкалық мәдениеттің барлық жанрын қамтитын шығармашылық ұжым болып саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны