06.03.2012, 17:23 3572

Елбасы РФ президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселесін тақылап, мамыр айында тарихи келісімге - Қазақстан мен Ресей арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара жәрдем туралы шартқа 20 жыл толатынын ерекше атап өтті.

Астана. 6-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселесін тақылап, мамыр айында тарихи келісімге - Қазақстан мен Ресей арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара жәрдем туралы шартқа 20 жыл толатынын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Кеден одағы қызметінің нәтижелері және Бірыңғай экономикалық кеңістікті (БЭК) қалыптастыруға байланысты оған мүше елдердің алдында тұрған міндеттер туралы пікір алмасылды.

Тараптар мемлекет басшыларының Мәскеудегі кездесуінде ЕурАзЭҚ және БЭК мәселесін тақылауға уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны