27.05.2015, 08:33 3488

Елбасы «Россия 24» телеарнасыныӊ жүргізушісі Эвелина Закамскаяға сұхбат берді

Иӊгіме барысында Қазақстан Президенті елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, ел экономикасын дамытудыӊ негізгі бағыттары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ынтымақтастығыныӊ келешегі, жаһандық экономика дамуыныӊ маӊызды жайттары туралы, сондай-ақ шетел мемлекеттерімен өзара іс-қимылды нығайтуға қатысты сұрақтарға жауап берді

Астана. 27 Мамыр. Kazakhstan Today - Иӊгіме барысында Қазақстан Президенті елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, ел экономикасын дамытудыӊ негізгі бағыттары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ынтымақтастығыныӊ келешегі, жаһандық экономика дамуыныӊ маӊызды жайттары туралы, сондай-ақ шетел мемлекеттерімен өзара іс-қимылды нығайтуға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Астана экономикалық форумында негізгі мәселелердіӊ бірі болған инфрақұрылымдық даму құрлықтыӊ орталығында орналасқан және теӊізге тікелей шығатын жолы жоқ Қазақстанныӊ экономикасы үшін маӊызды мәнге ие екеніне назар аударды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміз әрі қарай өсу үшін жаӊа бағыт қажет болатын белгілі бір даму деӊгейіне жеткенін атап айтты.

- Осы тұрғыдан алғанда, инфрақұрылымды жаӊғырту дегеніміз жол құрылысын ғана емес, мультипликативті әсер тудыруды да білдіреді: Кәсіпорындар тапсырыспен қамтамасыз етіледі, жаӊа елді мекендер пайда болады, азаматтар жұмысқа және табыс көзіне ие болады, бюджетке түсім түседі. Бұл Қазақстанныӊ экономикалық өсімін сақтауға мүмкіндік береді деп сенеміз, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті республикамыз көрші елдердіӊ - Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясыныӊ әлеуетін белсенді түрде пайдаланатынын атап өтті. Мәселен, Қазақстан өз аумағында автокөлік және темір жол бағыттарын ашу арқылы Жібек жолы экономикалық белдеуініӊ конфигурациясына іс жүзінде қосылды.

Мемлекет басшысы Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуі жаӊа көлік бағыттары бойында іскерлік белсенділікті дамыту ісін қарастыратынын еске салды. Осыған байланысты Азиялық инфрақұрылымдық даму банкі Қазақстан, Ресей және бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ үшін зор мүмкіндіктер ұсынады.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикадағы қытай ықпалыныӊ артуына байланысты қауіптенуді "фантомдық үрей" деп атады. Ол Қазақстанныӊ бүгінде ҚХР-мен бірқатар кәсіпорынныӊ құрылысын салу туралы шарт жасау қарсаӊында тұрғанын айтты. Қазақстан Президенті Ресейдіӊ Қытаймен бірлесіп мұнай-газ саласында, коммуникация құрылысында ірі жобаларды жүзеге асыруы Ресей экономикасына Азия өӊірін қатыстыруға мүмкіндік беретінін, мұныӊ да әрі қарай даму үшін оӊ серпінге ие болып отырғанына тоқталды.

Қазақстан Президенті батыс елдері мен Ресей арасындағы өзара санкциялар саясат пен экономиканыӊ араласып кетуініӊ нәтижесі екеніне назар аударды. Бұл жағдайдан Ресей ғана емес, өзге елдер де зардап шегіп отырғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Украина төӊірегіндегі ахуалды шешу үшін қажетті барлық күш-жігерін жұмсап отырғанын айтты.

- Менен араағайындық етуді өтінгенде уақытты да, күшімді де аямаймын, кездесулер өткізіп, тараптарды келіссөздерге шақырамын. Бұл жағдайда ел басшылары кездесе отырып, ымыраласу арқылы ортақ тіл таба алады. Шешілмейтін мәселе көріп тұрғаным жоқ. Мен қазір ресейлік те, украиналық та тараптыӊ мәселені шешіп, пайда болған қарама-қайшылық түйінін тарқататын кезеӊ жеткенін байқап отырмын. Мұныӊ тезірек болғаны керек, еуропалық көшбасшылар да осыны қалайды. Қазіргі уақыт осындай қадам үшін қолайлы, - деді Қазақстан Президенті.

Қазіргі қаржы жүйесіндегі қиындықтар туралы айтқан Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық валюта архитектурасыныӊ ескіргенін атап өтті.

Мемлекет басшысы әлемдік резервтік валютаныӊ бір эмитентке ғана тәуелділігі өзге мемлекеттер үшін қатерлі екеніне тоқталды. Қазіргі кезде Латын Америкасы, араб әлемі өздерініӊ өӊірлік валютасын енгізу жөнінде айтуда, бұдан доллардыӊ ықпалын азайтуға ұмтылыс аӊғарылып отыр. Сонымен бірге, бүгінгі таӊда доллар әлі де қолданыстағы негізгі әлемдік валюта, ал АҚШ әлемдегі экономикасы ірі ел болып саналады.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы сияқты халықаралық басқосулар әлемдік институттар мен халықаралық ұйымдардыӊ қаржы мәселелері бойынша ортақ тіл табуы үшін жағдай жасайтынын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев елде жүзеге асырылатын маӊызды жоба - "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне, оныӊ базасында "Астана" қаржы орталығы құрылатынына назар аударды. Жаӊа орталықтыӊ қатысушылары үшін ағылшын тілін қолданатын британдық құқық қағидаттарына негізделген сот жүйесін қамтитын ерекше жағдайлар жасалатын болады.

Мемлекет басшысы отандық білім беру ісіндегі үштілділік туралы айта келіп, келешекте Қазақстан мектептіӊ жоғары сыныптары мен университеттерде жаратылыстану ғылымдарын оқытуды ағылшын тілінде жүргізуге көшу ниетінде екенін атап өтті. Жалпы алғанда, білім саласында қабылданып жатқан шаралар Астанадағы қаржы орталығыныӊ жұмысына тартылуы мүмкін ағылшын тілінде сөйлейтін жастар қатарын қалыптастыруы тиіс.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті елдіӊ бұдан әрі дамуы үшін бес институционалдық реформаныӊ маӊыздылығын, оны нақты әрі жүйелі түрде жүзеге асыру үшін Жаӊғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылғанын айтты.

Мемлекет басшысы бес институционалдық реформа аясында ұсынылған өзгерістер халық тарапынан кеӊінен қолдау тапқанын, оны өткен президенттік сайлау қорытындысы көрсеткенін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны