10.12.2008, 18:44 3397

Елбасы Салық кодексіне қол қойды

Елбасы Салық кодексіне қол қойды

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Салық кодексінің жобасы мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әзірленген.

Мемлекет басшысы экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға, бизнестің "көлеңкеден" шығуына ықпалын тигізетін жаңа Салық кодексін әзірлеу міндетін қойған болатын. Осы міндетті іске асыру мақсатында жаңа Салық кодексі бірнеше ұстанымдарды көздеп отыр. Атап айтқанда, тікелей әсер ету заңының қағидаттарын енгізу, өңдеуші сектордың түсімдерін арттыра отырып, экономиканың шикізат емес секторындағы жалпы ауыртпалықтарды төмендету қажет.

Және экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға ықпал ететін жағдайлар жасау, салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру мақсаты көзделген.

Жаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына және әртараптануына жағдай жасайды, экономиканың көлеңке секторын қысқартуды қамтамасыз етеді. Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартады. Ол елге капитал ағымын ықпал етеді және экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Салық кодексін тікелей қолданылатын заңның принциптеріне сәйкес келтіру, салық органдары әрекеттерін терең регламенттеу, салықтық бақылау жүйесін құру салықтық жүйесінің сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік береді және салық органдары мен салық төлеушілердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны