09.02.2016, 20:32 3442

Елбасы "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Ө.Шөкеев кездесу барысында Мемлекет басшысына холдингті трансформациялау бағдарламасын және оныӊ активтерін жекешелендіруді жүзеге асыру барысы туралы, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру шаралары жөнінде баяндады

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Ө.Шөкеев кездесу барысында Мемлекет басшысына холдингті трансформациялау бағдарламасын және оныӊ активтерін жекешелендіруді жүзеге асыру барысы туралы, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру шаралары жөнінде баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айталық, 2015 жылы компанияныӊ ағымдағы шығыстары 520 миллиард теӊгеге қысқартылды, басымдығы жоқ бірқатар инвестициялық жобалар кейінге қалдырылды, соныӊ арқасында 255 миллиард теӊге үнемделді. Кредиторлармен келіссөздер нәтижесінде компаниялар тобыныӊ жалпы қарызы 7 миллиард долларға азайды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырылып жатқан жекешелендіру бағдарламасыныӊ маӊыздылығын атап өтіп, осы үдерістіӊ ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету міндетін қойды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті әлемдік экономиканыӊ тұрақсыздығына қарамастан, холдинг әлеуметтік маӊызды жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып, жаӊа жұмыс орындарын ашуға тиістігіне назар аударды.

Ө.Шөкеев өӊірлердегі ірі жобаларға, соныӊ ішінде Атырау облысындағы мұнай химиясы өнімдерін шығаратын кәсіпорын құрылысына, Жамбыл облысындағы каустикалық сода және глифосат өндіретін өндірістік кешенге, сондай-ақ "Солтүстік-Шығыс" электр тарату желісініӊ құрылысына инвестиция салу көлемі ұлғайғаны туралы айтты.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны