08.04.2015, 14:15 3777

Елбасы Семей қаласындағы өӊірлік онкологиялық диспансерде болды

Мемлекет басшысы нысан жұмысымен танысып, жаӊа медициналық құралдармен жабдықталған орынжайларды аралап көрді

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы нысан жұмысымен танысып, жаӊа медициналық құралдармен жабдықталған орынжайларды аралап көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті сондай-ақ еӊбек ұжымы өкілдерімен әӊгімелесіп, қаланыӊ медициналық мекемелері қажетті емханалық және диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп отырғанын айтты. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

- Бұл кешенге мемлекет 7,2 миллиард теӊге бөлді, соныӊ 4 миллиарды заманауи жабдықтар алуға арналған. Бұл - ядролық медицина элементтерін қолданатын Қазақстан үшін бірегей мекеме. Енді осы жабдықтарды халыққа кәсіби көмек көрсету үшін барынша тиімді қолдану сіздерге байланысты. Бүкіл ел бойынша денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ арқасында азаматтардыӊ орташа өмір жасы соӊғы он жылда 64-тен 71-ге дейін ұлғайды, - деді Мемлекет басшысы.

***

Диспансерде онкологиялық науқастарға амбулаторлық-емханалық, стационарлық және стационар алмастыру формасында мамандандырылған әрі жоғары білікті медициналық жәрдем көрсетіледі. Медициналық мекемеде 413 адам қызмет етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны