04.05.2015, 15:17 3597

Елбасы "Шелл" концернініӊ атқарушы бас директоры Бен ван Берденді қабылдады

Қазақстан Президенті компания қызметіндегі өзгерістерге, оныӊ "Би Джи Групп" компаниясымен бірігуі жоспарланып отырғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасындағы ірі инвестордыӊ бірі ретінде "Шелл" Қашаған кенішін игеру жобасында маӊызды рөл атқаратынын айтты.

Астана. 04 Мамыр. Kazakhstan Today - Кездесу барысында компанияныӊ Қазақстандағы жұмысы және еліміздіӊ мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ ынтымақтастықтыӊ түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін қамтитын перспективалы бағыттары да сөз болды. Тараптар өзара іс-қимыл аясын одан әрі жандандыру мен кеӊейтудіӊ маӊыздылығын атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Президенті компания қызметіндегі өзгерістерге, оныӊ "Би Джи Групп" компаниясымен бірігуі жоспарланып отырғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасындағы ірі инвестордыӊ бірі ретінде "Шелл" Қашаған кенішін игеру жобасында маӊызды рөл атқаратынын айтты.

Мемлекет басшысы компанияныӊ міндеттемелеріне өзгерістер оӊ ықпал етеді деп үміттенетінін жеткізді.

Б.Берден Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бұл сайлау ел үшін ғана емес, шетелдік инвесторлар үшін де тұрақтылықтыӊ айғағы болып саналатынын айтты.

Сонымен қатар, "Шелл" концернініӊ атқарушы директоры Мемлекет басшысыныӊ былтыр Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу үшін Нидерландқа сапарлап барғанында оған "Президент Назарбаев" деп аталған қызғалдақтыӊ жаӊа сорты таныстырылғанын еске салды. Соған орай Б.Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа Голландиядан әкелінген осы сорттыӊ жаӊа кесілген гүлін сыйлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны