08.12.2006, 18:28 2908

Елбасы шетелдік инвесторлар кеңесі мүшелерімен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді

АСТАНА. 8 желтоқсан. Kazakhstan today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада шетелдік инвесторлар кеңесі мүшелерімен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді,-деп хабарлайды Kazakhstan today агенттігі.

"Бүгін біз Казақстан басшысымен жаңа ортақ инвестициялық жобалар туралы сөйлестік",-деді кездесуден соң болған брифингте "Шеврон" кен өндіру, барлау және газ корпорациясының вице-президенті Джордж Киркланд. "Біз Теңіз кен орнындағы қуаттарды кеңейту туралы жобаны талқыға салдық,-дейді ол.

Өз кезегінде "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясының басшысы Вагит Алекперов журналистерге президентпен өзінің компаниясы қол жеткізген жетістіктер мен Қазақстанда жүзеге асырмақ жоспарлары туралы әңгімелескендігін жеткізді. "Біз бүгінде Қазақстан экономикасына зор үлес әкелетін жаңа жобаларды бәсекелестікпен жүзеге асыруға дайынбыз деп білемін,-деді Алекперов. "Біздің компания ірі инвестор болып табылады. Бүгінде біз Қазақстан экономикасына 4,5 млрд доллар жұмсадық,-деп түйіндеді ол.

Ал "British Gas Group" компаниясының директоры Фрэнк Чапмэн: "Біз Қазақстан президентімен Батыс Қазақстан облысындағы Қашаған кен орнында жұмыс істеп жатқан компаниямыздың өндіріс қызметін одан әрі жалғастыруы туралы сөз қозғадық. Чапмэн компанияның жақында экспорттық қуатты екі есеге көбейтуге мүмкіндік ашатын көлемді инвестиция салуға дайындалып жатқандығын айтты.

Н.Назарбаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер мырзамен, "JP Morgan Europe" компаниясының бас атқарушы директоры Робин Ренвикпен, "Credit Suisse Group" компаниясының президенті Освальд Грюбелмен, президентом "ExonMobil Development Company" компаниясының президенті Марк Альберспен және "Ренессанс Капитал" инвестициялық тобының президенті Игорь Сагирянмен пікірлесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны