18.12.2014, 16:32 4383

Елбасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады

Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентініӊ бастамаларына шетелдер тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанына тоқталды.

Астана. 18 желтоқсан. Kazakhstan today. - Кездесу барысында Е.Ыдырысов Мемлекет басшысына халықаралық істерге қатысты жыл қорытындысын баяндады, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті 2014 жылдыӊ халықаралық шаралар кестесі тығыз болғанына тоқталды.

- Кездесулер мен іс-шаралардыӊ көп болуыныӊ арқасында өзге елдердіӊ Қазақстанға деген қызығушылықтары артып, олармен өзара тиімді ынтымақтастық дамып келеді. Біз қабылдап жатқан іс-қимылдарды әлемдік қоғамдастық қолдайды. Қазіргідей жағдайда халықаралық ахуалды Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынастардыӊ өрбуі мен жаһандық экономикадағы трендтер аясында үнемі саралап отыру қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентініӊ бастамаларына шетелдер тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанына тоқталды.

- Сіз жариялаған "Нұрлы жол" саясаты әлемде жоғары бағаланып отыр. Ол қазіргідей күрделі жағдайда Қазақстанныӊ тұрақты әрі орнықты дамуын қамтамасыз ететін жақсы бағдарлама ретінде қабылдануда. Біздіӊ міндетіміз соны елдіӊ сыртқы саясатыныӊ өзге де басым бағыттарымен бірге нақтылы жүзеге асыру болып саналады, - деді Е.Ыдырысов.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны