24.05.2016, 14:18 3748

Елбасы "СИТИК Групп" корпорациясыныӊ президенті Ван Цзюньді қабылдады

Кездесу барысында қазіргі бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ өзара іс-қимылдыӊ перспективалы бағыттары қарасты

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Кездесу барысында қазіргі бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ өзара іс-қимылдыӊ перспективалы бағыттары қарастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы мұнай және газ саласын Қазақстан мен Қытай серіктестігініӊ жетекші саласы ретінде атай отырып, еліміз "СИТИК Групп" корпорациясымен біраз уақыттан бері табысты ынтымақтасып келе жатқанын айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

В.Цзюнь Нұрсұлтан Назарбаевқа республикамыздыӊ құрылыс және мұнай-газ саласыныӊ одан әрі дамуына ықпал ететін түрлі жобалардыӊ жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны