18.09.2012, 15:20 2837

Елбасы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында "Сүтөнімі" ЖШС-ның сүт өндіретін зауытында болды

Кәсіпорында Нұрсұлтан Назарбаев сүт өндірудің технологиялық үдерісімен танысып, ұжыммен бейресми әңгіме өткізді. Сондай-ақ кәсіпорынды аралау барысында Президентке өңірдегі Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады.

Астана. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында "Сүтөнімі" ЖШС-ның сүт өндіретін зауытында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кәсіпорында Нұрсұлтан Назарбаев сүт өндірудің технологиялық үдерісімен танысып, ұжыммен бейресми әңгіме өткізді. Сондай-ақ кәсіпорынды аралау барысында Президентке өңірдегі Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады.

Зауыттың жобалық қуаты - жылына 85 мың тонна. Оны қайтақұрылымдауға 3,6 миллиард теңге инвестиция салынған. Өндірісте жетекші еуропалық компаниялардың жабдықтары пайдаланылады.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының импорт алмасу саясатына сәйкес және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске асырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны