16.09.2015, 15:46 3872

Елбасы Свердлов облысыныӊ және Урал федералдық университетініӊ басшылығымен кездесті

Кездесу барысында Свердлов облысыныӊ губернаторы Е.Куйвашев екі елдіӊ арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға және шекаралық өӊірлер арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты

Астана. 16 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Свердлов облысыныӊ губернаторы Е.Куйвашев екі елдіӊ арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға және шекаралық өӊірлер арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ал Урал федералдық университетініӊ ректоры В.Кокшаров Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекеттік қызметтегі айрықша еӊбегін бағалаудыӊ белгісі ретінде Құрметті доктор дипломын тапсырды. Ол сондай-ақ Мемлекет басшысына бірлескен бірқатар инновациялық жобалар бойынша Қазақстанныӊ жоғары оқу орындарымен ынтымақтасып отырғанын, бұл жобалар таныстырылымы Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде өтетінін айтты.

Иӊгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Свердлов облысы мен Урал федералдық университеті Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы тығыз достық қарым-қатынастарды нығайтуда зор рөл атқарып отырғанын атап өтті.

Сіздіӊ университет индустриялық аймақтардыӊ кадрлық әлеуетін қалыптастыру және дамыту ісіне Ресейде ғана емес, біздіӊ елде де зор үлес қосып отыр. Меніӊ білуімше, бүгінде Қазақстаннан 700-ге жуық студент Б.Ельцин атындағы Урал федералдық университетінде білім алуда. Қазақстанныӊ жетекші жоғары оқу орындарымен университеттіӊ ынтымақтастық туралы келісімі болғаны маӊызды, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мүмкіндік туған жағдайда университет студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы алдында дәріс оқуға дайын екенін де мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны