15.04.2011, 13:22 4730

Елбасы тағайындау туралы бірқатар жарлықтарға қол қойды

Елбасы тағайындау туралы бірқатар жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы тағайындау туралы бірқатар жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Аслан Мусин ҚР Президенті Икімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Елбасы Жарлығымен Аслан Мусин ҚР Президенті Икімшілігінің басшысы лауазымына тағайындау туралы жарлыққа сәрсенбі күні қол қойған.

Сонымен қатар, 13-сәуірде Н.Назарбаев Аманжол Жанқұлиевті - ҚР "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры, "Мұхтар Аюбаевті - ҚР президентінің күзет қызметінің бастығы, Абай Тасболатовты - ҚР Республикалық гвардияның қолбасшысы қызметіне тағайындау туралы бірқатар жарлықтарға қол қойды.

Жарлықтардың мәтіндері ҚР ресми баспа беттерінде жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны