21.12.2011, 14:06 2917

Елбасы ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің бейресми мерейтойлық отырысына қатысты

ТМД-ға мүше елдердің мемлекет басшылары Ұйымға мүше елдер азаматтарының әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мүддесін көздейтін Достастық жұмысының іс жүзінде пайдалы болуын жақсартудағы өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, отырыс барысында ТМД бақылаушылары миссиясының қызметі, көптарапты экономикалық ынтымақтастықты жетілдіру және дамыту, байланыс және ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мәскеу. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің бейресми мерейтойлық отырысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТМД-ға мүше елдердің мемлекет басшылары Ұйымға мүше елдер азаматтарының әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мүддесін көздейтін Достастық жұмысының іс жүзінде пайдалы болуын жақсартудағы өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, отырыс барысында ТМД бақылаушылары миссиясының қызметі, көптарапты экономикалық ынтымақтастықты жетілдіру және дамыту, байланыс және ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Елдердің көшбасшылары Қазақстанның 2012 жылы "Достастықтың мәдени астаналары" мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру және Астана (Қазақстан) мен Мары (Түркменстан) қалаларын 2012 жылғы Достастықтың мәдени астаналары деп жариялау туралы бастамасын талқылады.

"Біз бұдан 20 жыл бұрын Алматыда ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойдық. Достастық біздің елдеріміздің нығаюына мүмкіндіктер берді. ТМД қажет. Біз оған қолдау көрсетіп, жетілдіре түсуіміз керек. Біз 2020 жылға дейінгі ТМД-ны дамыту Тұжырымдамасын қабылдауымыз қажет. Еркін сауда аймағы туралы шарт өте маңызды. Келесі жылдың тақырыбы ақпараттық технология саласындағы ынтымақтастыққа арналатын болады. Гуманитарлық саладағы қатынастардың қарқынды дамуын жалғастыру, жастардың кездесулерін, зиялық қауым мен мәдениет өкілдерінің кездесулерін өткізіп тұру маңызды. Біз ұзақ жылдар бойы қалыптасқан бұл байланыстарды үзіп алмауға тиіспіз. ТМД-дан ЕурАзЭҚ, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтан - Бірыңғай экономикалық кеңістік пайда болды. Міне, біз үшін ТМД-ның мәні осындай", - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті тәжік тарабына төрағалығы үшін алғыс айтып, Түрікменстан басшысына табыс тіледі.

Отырыстың қорытындысы бойынша ТМД-ның құрылғанына 20 жыл толуына орай мәлімдеме қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны