16.05.2012, 14:01 3000

Елбасы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің бейресми отырысына қатысты

"Бізді берік достық дәстүрі мен біздің халықтарымыздың тату көршілестігі біріктіреді. Біздің көпғасырлық өткеніміз ортақ. Бізде тығыз экономикалық, өңіраралық және мәдени-гуманитарлық байланыстар сақталған. Шындығында, ол тиімді дамуда және жұмыс істеуде, біз бір-бірімізден қол үзе алмаймыз".

Астана. 16-мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің бейресми отырысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отырыс барысында мемлекет басшылары Достастықтың қызметі мен дамуының өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

"Бізді берік достық дәстүрі мен біздің халықтарымыздың тату көршілестігі біріктіреді. Біздің көпғасырлық өткеніміз ортақ. Бізде тығыз экономикалық, өңіраралық және мәдени-гуманитарлық байланыстар сақталған. Шындығында, ол тиімді дамуда және жұмыс істеуде, біз бір-бірімізден қол үзе алмаймыз. Қазір сіз бен біздің алдымызда экономиканы жаңарту жөнінде ортақ міндет, анағұрлым әділетті әлемді құруды қалыптастыру туралы жұмыстар тұр. Біздің көпжоспарлы ынтымақтастығымыздың сондайлық мықты іргетасына сүйене отырып, біз посткеңестік кеңістікте ТМД-ны және өзге интеграциялық құрылымдарды нығайту үшін көп жұмыс істедік. Барлық бірлестік арасында Достастық оған қатысушы өкілдік құрамын біріктіруші ұйым ретінде ерекше орын алады. Осыны ескерсек, ТМД аясында оған қатысушының әрбірінің тиімді дамуын қамтамасыз ететін, экономикалық және саяси бірлестікті қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды одан әрі қарқынды жүргізу басым мәнге ие", - деп атап өтті отырыста Ресей Президенті.

Мемлекет басшылары сондай-ақ ТМД аясындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективасын талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны