Система Orphus

Елбасы тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге қол қойды

08.06.2009, 12:24 518

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің қорытындысына сәйкес, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы кондоминимум нысандарын басқару түрлерін жетілдіру мақсатында тұрғын үй-коммуналдық саладағы жүйелі жаңаруларды жүргізуді, қазіргі жағдайды ұстап тұру үшін қаржыландыру тетіктерін белгілеуді және қазіргі тұрғын үй қорын жаңартуды, тұрғын үй қорын тиімді басқару үшін жағдай жасауды көздейді.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін Азаматтық кодекс пен Икімшілік құқық бұзушылық кодексіне, "Тұрғын-үй қатынастары туралы", "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Ұсынылып отырған өзгерістер тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің құзіретін нақтылауға, кондоминимум нысандарын басқарудың түрлерін жетілдіруге, уәкілеті құзіретті органды белгілеуге, кондоминимум қатысушыларына ортақ мүлікті жергілікті атқарушы органдардың тексеру жүргізу арқылы жүзеге асыратын, басқару органдарына және тұрғын үй заңнамасын сақтамағаны үшін кондоминимум қатысушыларына әкімшілік жауапкершілік бекітуге бағытталған.

Заң жобасында тұрғын-үй жәрдемін компенсациялық шара ретінде емес, жеткізушілердің коммуналдық қызметке берген төлем есеп-шоты мен тұрғын үйіді ұстау шығындары бойынша беру тетіктері белгіленген.

Заң жобасының қабылдануы ұзақ мерзімді және орнықты тұрғын үй қатынастары жүйесін жасауға, тұрғын-үй қоры жағдайын жақсарту, тұрғын үй қорын тиімді басқару және оның жағдайын бақылау үшін ахуал жасауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны