09.09.2015, 19:53 4023

Елбасы Түркі академиясыныӊ президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

Кездесу барысында Д.Қыдырәлі Мемлекет басшысына академияныӊ қазіргі қызметі, жеткен жетістіктері мен алдағы кезеӊге арналған жоспарлары туралы баяндады

Астана. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Д.Қыдырәлі Мемлекет басшысына академияныӊ қазіргі қызметі, жеткен жетістіктері мен алдағы кезеӊге арналған жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті Түркі академиясыныӊ түркітілдес мемлекеттердіӊ тарихы мен мәдениетін жан-жақты әрі тереӊ зерттеу тұрғысындағы қызметі маӊызды екеніне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев жүргізілген зерттеулер нәтижесі түркі әлемініӊ рухани-мәдени мұрасын сақтау және танымал ету үшін зор мәнге ие екенін айтты. Бұл туралы Ақорданы? баспасөз қызметі хабарлады.

Д.Қыдырәлі академия халықаралық мәртебе алып, ЮНЕСКО, ИСЕСКО сияқты жетекші халықаралық ұйымдармен байланыс орнатқанын мәлімдеді. Академия жыл бойы халықаралық конференциялар өткізіп, экспедициялар ұйымдастырды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу еӊбектерін жариялап, жалпы түркі тарихы туралы оқулық әзірледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны