30.11.2015, 07:59 7194

Елбасы Түркия Президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардыӊ ахуалы мен келешегін, сондай-ақ бірқатар өӊірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашылық етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардыӊ ахуалы мен келешегін, сондай-ақ бірқатар өӊірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Тараптар Сириядағы дағдарысты жағдай мен ресейлік Су-24М ұшағына қатысты оқиға төӊірегінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті болған оқиғаға байланысты өкініш білдіріп, ресей-түркия қарым-қатынасыныӊ нашарлауына алаӊдаушылығын жеткізді. Мемлекет басшысы бұл байланыстар ұзақ жылдар бойы қалыптасқандықтан, тараптар оны сақтап қалу үшін жауапкершілік танытуы қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты оқиғаны анықтап, қалыптасқан жағдайдан шығу үшін екіжақты комиссия құру ұсынылды.

Р.Ердоған өз кезегінде Ресей Президенті В.Путинмен таяу арада кездесуге дайын екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев жағдайды ушықтырмау үшін тараптар мүмкін болатын барлық шараны пайдаланатынына үміт білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны