13.05.2013, 11:18 2979

Елбасы Түркия Республикасының Президенті Абдуллаh Гүлге Рейханлы қаласында болған жарылыстардың салдарынан көптеген жанның қайтыс болып, зардап шеккеніне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

"Лаңкестіктің етек алуы бүгінгі күні баршамызға ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын лаңкестіктің кез-келген түрін барынша айыптайды", - делінген жеделхатта.

Астана. 13-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдуллаh Гүлге Рейханлы қаласында болған жарылыстардың салдарынан көптеген жанның қайтыс болып, зардап шеккеніне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Лаңкестіктің етек алуы бүгінгі күні баршамызға ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын лаңкестіктің кез-келген түрін барынша айыптайды", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаның салдарынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының қасіреттеріне ортақтасып, шын ниеттен көңіл айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны