01.10.2018, 13:57 3893

Елбасы Түркістанды дамыту жөніндегі жарлыққа қол қойды

Елбасы ауыл шаруашылығын одан сайын дамытып, өнімдерді өӊдеп шетелге экспорттау міндетін жүктеді. Сонымен қатар, көлік-логистика қызметін дамытып, туризмге серпін беру керектігіне тоқталды. Түркістанды электр қуатымен, газбен, сапалы көлік жолдарымен, әлеуметтік нысандармен және ауыз сумен қамту мәселелерін шешу жөнінде де тапсырма берді.

Түркістан. 1 қазан. Kazakhstan Today - Түркістанға жасаған жұмыс сапарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс активінде Түркістан қаласын дамыту бойынша кеӊес өткізді. Жиында Елбасы Түркістан қаласыныӊ дамыту бағытындағы ойларын ортаға салды.

"Бүгін еліміздіӊ тарихында бір елеулі уақытта кездесіп отырмыз. Жаӊадан Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алды. Түркістанныӊ дамуы, болашағы қалай болады деген сұрақ бойынша әӊгімелесеміз. Біріншіден, меніӊ тапсырмам бойынша арнайы үкіметтік комиссия құрылып, жұмыс істеді" деген Елбасы сол комиссия басшысыныӊ есебін тыӊдады. Елбасыға Түркістан қаласын дамыту жөніндегі жоспарын баяндаған ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин Бас жоспарға лайық үздік жоба анықталғанын мәлімдеді.

"Түркістан қаласыныӊ бас жоспарын әзірлеуге қатысты xалықаралық конкурс ұйымдастырылды. 22 ұсыныстыӊ ішінен үздік жоба таӊдалды. Таӊдалған жоба сіздіӊ тапсырмаӊызда қойылған талаптарға толығымен сәйкес келеді. Соныӊ ішінде Түркістанныӊ тариxи құндылықтарын сақтау, одан ары көркейту, Қожа Аxмет Яссауи кесенесі негізінде мәдени-руxани орталықты сақтау және әкімшілік-іскерлік орталықты құруға ерекше көӊіл бөлінді" деді Асқар Мамин.

Мәжілісте Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев облыстыӊ дамуы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөнінде баяндама жасады. Оныӊ айтуынша, 2018 жылдыӊ 8 ай қорытындысы бойынша өӊірде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердіӊ өсімі сақталған. Ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнім көлемі 250 млрд. теӊгеге жетіп, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 103,6%-ды құраған. Мал басы артып, 3500 тонна ет экспортталған. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,7 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. 500 мыӊ тоннаға жуық өнім Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн. тоннасы еліміздіӊ солтүстік өӊірлеріне жөнелтілді. Өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 286,1 млрд. теӊгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21 млрд.теӊгеге артты. Өӊір экономикасына 142 млрд. теӊге инвестиция бағытталды. Қазір облыста құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 8 айда құрылыс көлемі 66,2 млрд. теӊгеге жетіп, өсім 105,8% болды. Барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 21,2 млрд. теӊге инвестиция бағытталды. 291,8 мыӊ шаршы метр тұрғын үй, яғни, 1922 пәтер іске берілді. Өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда өсім 137,6%-ды құрады. Осы деректерді баяндаған ол облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру бағытындағы жұмыстар мен қаланы дамыту жөніндегі жоспарларға да тоқталды.

"Сіздіӊ "Түркістан облысын құру, әкімшілік орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы" Жарлығыӊыз бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекеттік органдарды жайғастыру үшін Түркістан қаласынан қажетті 25 ғимарат белгіленді Тұрғын үй мәселесін шұғыл шешу үшін жергілікті бюджет есебінен Түркістан және Кентау қалаларында 1 956 пәтерлі 33 тұрғын үйдіӊ (122 мыӊ шаршы метр) құрылысын бастап кеттік. Бүгінде Түркістан қаласын дамыту, туристік әлеуетін көтеру бағытында кешенді іс-шаралар қолға алынып, отандық және шетелдік кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесін беріп жатыр. Кеше ғана 28 қыркүйекте Түркістан қаласында 1-ші "Көне Түркістан - жаӊа мүмкіндіктер" атты халықаралық инвестициялық және туристік форумы өтті. Аталған форумға 17 шетел және отандық 500-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде 1,7 млрд.АҚШ долларын құрайтын 17 құжатқа қол қойылды" деді облыс әкімі.

Баяндамаларды тыӊдаған Елбасы "Біз бүгін Түркістанды жаӊа облыса орталығы ретінде аяғынан тік тұрғызу мәселесімен жиналып отырмыз. Қазір мемлекеттік органдар Түркістанға көшіп, жұмыс істеп жатыр. Енді Түркістанды халықаралық деӊгейдегі қалаға айналдыру үшін Үкімет пен облыс әкімдігі мына мәселелерге назар аударулары тиіс. Біріншіден, өӊірдіӊ қаржылық тұрақтылығын арттыру керек. Облыстан Шымкент қаласы бөлініп шыққаннан кейін бюжеті екіге бөлінді. Сондықтан бюджетті толықтыру үшін жаӊа кіріс көздерін, бюджетті молайту жолдарын табу қажет. Екіншіден, жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту мәселесі назарда болғаны жөн. Жұртшылыққа жаппай кәсіпкерлікпен айналысуды үйреткен жөн. Түркістандағы құрылыс алаӊдары мен жұмыс орындарында өзіміздіӊ жастар жұмыспен қамтылуы тиіс" деген Елбасы ауыл шаруашылығын одан сайын дамытып, өнімдерді өӊдеп шетелге экспорттау міндетін жүктеді. Сонымен қатар, көлік-логистика қызметін дамытып, туризмге серпін беру керектігіне тоқталды. Түркістанды электр қуатымен, газбен, сапалы көлік жолдарымен, әлеуметтік нысандармен және ауыз сумен қамту мәселелерін шешу жөнінде де тапсырма берді. Баламалы қуат көздерін дамытуды жүктеді.

Актив мәжілісінде Қазақстанныӊ Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек Елбасыныӊ Түркістанға деген ерекше ықыласы мен қамқорлығына ел атынан алғыс айтса, М.Иуезов атындағы Оӊтүстік Қазақстан мемлекеттік университетініӊ студенті Виктория Черкашина да жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға риза екендігін жеткізді.

Түркістанды дамыту жөніндегі алқалы жиында Мемлекет басшысы Түркістан қаласын түркі әлемініӊ мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардыӊ тұжырымдамасын мақұлдау және "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі тарихи Жарлықтарға қол қойды.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны