10.09.2015, 13:45 4080

Елбасы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеӊесініӊ бас хатшысы Рамиль Гасановты қабылдады

Кездесу барысында Р.Гасанов Қазақстан Президентіне ұйымныӊ қазіргі қызметі мен ертеӊге жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеӊесініӊ Бесінші саммитіне дайындық туралы баяндады

Астана. 10 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Р.Гасанов Қазақстан Президентіне ұйымныӊ қазіргі қызметі мен ертеӊге жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеӊесініӊ Бесінші саммитіне дайындық туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы алдағы саммиттіӊ Түркі кеӊесіне мүше елдер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту тұрғысынан маӊызды екенін атап өтті. Қазақстан Президенті ынтымақ, сондай-ақ жүзеге асырылатын жобаларға жан-жақты қолдау көрсету түркітілдес мемлекеттер алдына қойылған міндеттерді табысты іске асырудыӊ кепілі екенін айтты. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады

Р.Гасанов Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығымен құттықтап, бұл мереке бүкіл түркі әлеміне ортақ екенін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны