27.01.2012, 11:52 3584

Елбасы үкімет пен Ұлттық банкке зейнетақы жүйесін жетілдіру туралы тапсырма берді

"Қазақстан посткеңестік кеңістік елдері арасында зейнетақы жинақтау жүйесін енгізіп, табысқа жеткен тұңғыш мемлекет. Қазір зейнетақы қорлары салымшыларының саны 8 миллионға, салымдар көлемі 17 млрд долларға жетті. Сонымен қатар, бүгінде салымшылар қорлардың инвестициялық саясатына ықпал ете алады. Сондықтан оған ақша жинау деп қарайды", - деп мәлім етті Н.Назарбаев жұма күні Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында.

Астана. 27-қаңтар. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев үкімет пен Ұлттық банкке осы жарты жылдықтың соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан посткеңестік кеңістік елдері арасында зейнетақы жинақтау жүйесін енгізіп, табысқа жеткен тұңғыш мемлекет. Қазір зейнетақы қорлары салымшыларының саны 8 миллионға, салымдар көлемі 17 млрд долларға жетті. Сонымен қатар, бүгінде салымшылар қорлардың инвестициялық саясатына ықпал ете алады. Сондықтан оған ақша жинау деп қарайды", - деп мәлім етті Н.Назарбаев жұма күні Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында.

Елбасы "кейбір жекелеген зейнетақы қорларының басшылары халықтың салымдарын өз қаржысындай жұмсайды" деп атап өтті.

"Мұның соңы неге әкеп соқтырарын біз білмейміз. Сондықтан үкімет Ұлттық банкпен бірге осы жарты жылдықтың соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеуі тиіс", - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны