28.01.2011, 18:38 4627

Елбасы үкіметке көліктік медицинаны дамыту жөнінде тапсырма берді

Елбасы үкіметке көліктік медицинаны дамыту жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы бүгін, 28 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасы үкіметке көліктік медицинаны дамыту жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы бүгін, 28 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика үкіметіне көліктік жедел медицинаны дамытуды тапсырды.

"Көліктік медицина Қазақстан үшін өте өзекті, біз оны дамытамыз", - деді елбасы

Осыған байланысты ол үкіметке елдің алыс жерлерінің халқын қамтамасыз ететін үшінші мамандандырылған медициналық поезды іске қосып, көліктердегі жедел медициналық кешендердің санын 50 бірлікке жеткізуді тапсырды.

Ол сондай-ақ үкіметке 2015 жылға дейін елдің санитарлық авиациясын ең кемінде 16 тікұшақпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны