15.05.2009, 18:58 2675

Елбасы үкіметтің және "Нұр Отан" партиясының басшылығымен, облыстар мен аудандардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдерімен кеңейтілген кеңес өткізді

Елбасы үкіметтің және "Нұр Отан" партиясының басшылығымен, облыстар мен аудандардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдерімен кеңейтілген кеңес өткізді

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің және "Нұр Отан" партиясының басшылығымен, облыстар мен аудандардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдерімен кеңейтілген кеңес өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда президенттің "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру жөніндегі бірқатар мәселелер, өңірлерде жол картасының орындалу барысы, сондай-ақ мемлекет басшысының "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының ХII съезінде "Қазақстанның индустриялық-технологиялық дамуы - біздің жарқын болашағымыз үшін" тақырыбында сөйлеген сөзінде айтылған міндеттер талқыланды.

Үкіметке және әкімдерге Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, жұмыссыздықпен күрес және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыстарды күшейту, жұмыс берушілермен жасасқан үшжақты меморандумдар мен келісімдердің орындалуына үнемі мониторинг жүргізуді жолға қою тапсырылды. Шағын және орта бизнесті қолдаудың маңызына көңіл бөлінді.

Мемлекет басшысы көктемгі егістік жұмыстарды ұйымшылдықпен жүргізу және кезекті жылу беру маусымына дайындық барысына бақылауды күшейту міндетін қойды.

Н.Назарбаев кеңеске қатысушылардың назарын жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақыларын кешіктіруге жол бермеуге аударды. Сондай-ақ құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыскерлік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын күшейтудің қажеттілігі атап өтілді.

Тұтастай алғанда, мемлекет басшысы атап өткендей, әкімдер корпусы күрделі дағдарыс жағдайында қалыпты жұмыс атқарып отыр. Сонымен қатар, президент олардың қызметіндегі бірқатар кемшіліктерді атап көрсетті және өте қысқа мерзімде келеңсіздіктерді жоюды талап етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны