15.01.2015, 22:05 4141

Елбасы Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

Иӊгіме барысында Украина, Ресей, Германия және Франция көшбасшыларыныӊ Астанадағы кездесуін қаӊтардыӊ аяғында өткізу қарастырылып отырғаны айтылды.

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекеттер басшылары Украинадағы қазіргі ахуалды, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

П.Порошенко жоғары деӊгейдегі кездесуді өзініӊ Астанада өткізуге ықыласты екенін растады. Ол сонымен қатар таяу уақытта "норманд төрттігініӊ" сыртқы істер министрлері мен Шығыс Украинадағы дағдарыс жөніндегі байланыс тобыныӊ кездесуі өтетінін, онда Қазақстанныӊ елордасында талқыланатын құжаттыӊ жобасы әзірленетінін атап өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Иӊгіме барысында Украина, Ресей, Германия және Франция көшбасшыларыныӊ Астанадағы кездесуін қаӊтардыӊ аяғында өткізу қарастырылып отырғаны айтылды.

Телефон арқылы сөйлесуге Украин жағы бастамашы болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны