15.09.2015, 15:14 3732

Елбасы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеӊесініӊ сессиясына қатысты

Іс-шараға Тәжікстан Республикасыныӊ Президенті Э.Рахмон, Армения Республикасыныӊ Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасыныӊ Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасыныӊ Президенті А.Атамбаев, Ресей Федерациясыныӊ Президенті В.Путин, ҰҚШҰ бас хатшысы Н.Бордюжа, сондай-ақ ұйымға мүше елдердіӊ қорғаныс және сыртқы саясат ведомстволары басшылары қатысты

Астана. 15 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Іс-шараға Тәжікстан Республикасыныӊ Президенті Э.Рахмон, Армения Республикасыныӊ Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасыныӊ Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасыныӊ Президенті А.Атамбаев, Ресей Федерациясыныӊ Президенті В.Путин, ҰҚШҰ бас хатшысы Н.Бордюжа, сондай-ақ ұйымға мүше елдердіӊ қорғаныс және сыртқы саясат ведомстволары басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында өӊірдегі ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайту, ұйым қызметініӊ тиімділігін арттыру мәселелері және жедел әрекет ететін ұжымдық күштердіӊ оқу-жаттығуын өткізу нәтижелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде ұйымныӊ күн тәртібіндегі негізгі мәселелердіӊ бірі халықаралық терроризм мен экстремистік ұйымдардыӊ төндіретін ықтимал қатерлері екенін атап өтті.

Мойындауымыз керек, өкінішке қарай, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ жекелеген азаматтары осындай радикалды құрылымдарға қосылып, заӊға қайшы іс-әрекеттерге қатысу үшін Таяу Шығыстағы және Ауғанстандағы соғыс ошақтарына барып жатады. Бұл жайт біздіӊ тарапымыздан қарсы іс-қимыл жасаудыӊ тиімді шараларын қабылдауды талап етеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Тәжікстан халықаралық лаӊкестікке қарсы күрестіӊ алдыӊғы шебінде екенін назарға ала отырып, барлық елдер әлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан алдағы уақытта да осы одақтасымызға экономикалық көмек көрсетуге тиіс екенін атап айтты.

Қазақстан биыл бауырлас елге 2,7 миллион доллардыӊ азық-түлігі мен құрылыс материалдарын жіберді, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев сессияға қатысушылар назарын Ауғанстандағы жағдайға аударды.

Ауғанстанныӊ солтүстігіндегі содырлар белсенділігі айрықша алаӊдатады. Ауған аумағынан төнетін қауіп-қатерлерге қарсы тиісті әрекет ету үшін ҰҚШҰ аясындағы бірлескен күш-жігерді екіжақты негізде де, өзге халықаралық ұйымдармен арадағы жұмыстар барысында да арттыра түсу қажет. Қазақстан Кабулға жыл сайын азық-түлік, отын, дәрі-дәрмек жеткізу, сондай-ақ ауған жастарын еліміздіӊ жоғары оқу орындарында оқыту арқылы техникалық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы біздіӊ ел өӊірдегі жағдайдыӊ күрделі екенін ескере отырып, ҰҚШҰ жедел әрекет ететін ұжымдық күштерініӊ жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталған шараларды қолдайтынын айтты.

Қазақстан Жедел әрекет ететін ұжымдық күштер арнаулы құрылымдарыныӊ әскери контингентініӊ жауынгерлік және қызметтік дайындығын артыру қажеттігін қолдайды. Оқу-жаттығуларды, соныӊ ішінде төтенше тексерулерді де үнемі өткізіп отыру қажет деп санаймыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сессия шешімдерініӊ жобалары арасынан әскери контингенттердіӊ, қару-жарақтыӊ, техниканыӊ ҰҚШҰ-ға мүше елдер аумағы арқылы қозғалысын нақты реттейтін Искери және өзге құрылымдарды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді айрықша атап көрсетті.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев шараға қатысушыларды Қазақстанныӊ ҰҚШҰ аясындағы барлық міндеттемелерді мүлтіксіз орындайтынына, сондай-ақ одақтас елдерге қажетті гуманитарлық көмек көрсете беретініне сендірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны