29.08.2012, 12:37 2819

Елбасы Илем парламентшілері қоғамдық құрылымын құруды ұсынды

"Қазіргі форумды жаһандық антиядролық парламенттік ассамблеяның болашақ үлгісі деп атауға болады. Мен сіздерге сондай қоғамдық құрылым - әлем парламентшілерін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын", - деді Елбасы.

Астана. 29-тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан "Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге" атты халықаралық конференция барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Илем парламентшілері қоғамдық құрылымын құруды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі форумды жаһандық антиядролық парламенттік ассамблеяның болашақ үлгісі деп атауға болады. Мен сіздерге сондай қоғамдық құрылым - әлем парламентшілерін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын", - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы алқалы жиынға қатысушылар назарын G Global интернет алаңына аударып, оны барынша пайдалануға шақырды.

"Оның аясында миллиондаған пайдаланушылар қазірдің өзінде ХХІ ғасырда жаңа, әділ әлем қалыптастыру мәселесіндегі ауқымды спектр бойынша сұхбат құруда", - деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны