25.12.2008, 18:02 3122

Елбасы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырды

Елбасы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырды

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астана қаласының әкімдігінде кезекте тұрған бюджет саласының қызметкерлеріне, ардагерлер мен мүгедектерге муниципальдік пәтерлердің кілттерін салтанатты жағдайда табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Барлығы 500 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды. Қала әкімдігіне қоныс тойын мерекелеушілердің қуаныштарын бөлісу үшін келгендігін айтқан мемлекет басшысы: "Біздің барлығымыз келе жатқан Жаңа жылдан әрқашанда қандай да бір жақсылықты, ізгілікті, кереметті күтеміз. Менің ойымша Сіздерге бүгін осы керемет қуаныш есігін айқара ашты. Сіздер жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алғалы отырсыздар. Баршаңызды осы қуанышпен құттықтаймын!", деді Елбасы салтанатты рәсімде.

"Мемлекет басшысы ретінде маған отандастарымның көзінен қуаныштың отын көрген әрқашан үлкен бақыт. Мен бүгін сондай қуаныш болып жатыр деп үміттенемін. Бұған шын көңілімнен қуанамын. Англиялықтар айтады : "Өз үйім- өз қамалым" деп. Біздің де өз үйіміз- отанымыз бар, шаңырағымыз бар, өз ошағымыз бар. Баршамыз білеміз баспана дегеннің не екенін. Исіресе оны көптен күткендер үшін баспананың бағасын айтып жеткізу қиын. Бүгін сіздерге баспаналы болу бақыты туды, жаңа 2009 жылдың осы ізгі белгісімен құттықтаймын", - деп қосты Н. Назарбаев.

Елбасы қазіргі әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан Қазақстанда әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы азаймайтыны, құрылыс қарқыны жалғасатынын атап көрсетті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы орайда Астанада Ұлы Отан соғысының ардагерлерін баспанамен қамтамасыз ету проблемасы түбегейлі шешілгенін атап көрсетті. "Икімдіктегілер маған соғыс ардагерлерін баспанамен қамтамасыз ету проблемасы шешімін тапқаны туралы есеп берді. Енді ешкім де кезекте тұрмайды. Ардагерлер ондай құрметке лайық. Сол себепті бұл аса қуанышты жаңалық. Баршаларыңызды құттықтаймын, жаңа пәтерлерге бақыт келсін деп тілеймін",- деді президент.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, бүгін берілген пәтерлер Астана әкімдігінің құрылыс компанияларынан үкімет тарапынан қаржылық қолдау көрсету шарасының аясында аяқталмаған құрылыс нысандарынан 6 мың пәтер сатып алу бағдарламасының алғашқы партиясы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны