09.04.2013, 10:17 2907

Елбасы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронға осы елдің бұрынғы Премьер-Министрі Маргарет Тэтчердің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронға осы елдің бұрынғы Премьер-Министрі Маргарет Тэтчердің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронға осы елдің бұрынғы Премьер-Министрі Маргарет Тэтчердің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жеделхатта Мемлекет басшысының М.Тэтчердің қайтыс болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев оның Біріккен Корольдіктің дамуына және гүлденуіне орасан зор үлес қосқан ірі саяси қайраткер әрі дана тұлға ретінде дүние жүзіне танымал болғанын атап өткен.

"Тэтчер ханыммен өткізген кездесулерімді әрдайым жылылықпен еске аламын және бұл жүздесулер елдеріміз арасындағы достық пен әріптестік қарым-қатынастардың негізі болып табылатынын сенімділікпен айта аламын", делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы осындай сын сағатта қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқы және өз атынан М.Тэтчер отбасына және достас Ұлыбритания халқына шын ниеттен көңіл айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны