21.02.2012, 14:30 3173

Елбасы Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Тони Блэрді қабылдады

Т. Блэр Президентке сарапшылар тобы жұмысының қорытындысы туралы баяндады. Сондай-ақ кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - Елбасы Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Тони Блэрді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Т. Блэр Президентке сарапшылар тобы жұмысының қорытындысы туралы баяндады. Сондай-ақ кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

"Қазір менің Қазақстан халқына Жолдауымды іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Біздің негізгі міндетіміз - адамдарды жұмыспен қамту, қолжетімді тұрғын үй құрылысы, елді индустрияландыру, ауыл шаруашылығын, инфрақұрылымды, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту. Мен бүгін осы мәселелерді талқыласам деймін", - деді президент.

"Мен Сіздің Жолдауыңызбен және ондағы күнделікті өмірде енгізуге қажетті ауқымды міндеттермен танысып шықтым. Біз жұмыс істеуге және алға қойылған міндеттерді іске асыру жөнінде өз ұсынысымызды беруге дайынбыз", - деп атап өтті Т. Блэр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны