02.12.2015, 20:05 4132

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады

Д.Ақышев кездесу барысында Қазақстан Президентіне қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және ұлттық валютаныӊ күрт ауытқуына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде, сондай-ақ айналымға номиналы 20 мыӊ теӊгелік ақшаныӊ енгізілгені туралы баяндады

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Д.Ақышев кездесу барысында Қазақстан Президентіне қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және ұлттық валютаныӊ күрт ауытқуына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде, сондай-ақ айналымға номиналы 20 мыӊ теӊгелік ақшаныӊ енгізілгені туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, соныӊ ішінде қаржы институттарын басқару, инфляция деӊгейін төмендету, тиімді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелеріне қатысты тапсырмаларды орындау жұмыстары басталғанын айтты, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны