14.08.2017, 19:07 4146

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

- Жалпы, ахуал тұрақты. Қазір тамыз айыныӊ басында ішкі және сыртқы сипаттағы жекелеген факторлар әсерінен болған ауытқулардан кейін айырбас бағамы тұрақтанды. Алаӊдауға еш негіз жоқ, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Астана. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Мемлекет басшысына Ұлттық банктіӊ еліміздіӊ қаржы секторын ілгерілету жөніндегі жұмыстарыныӊ қорытындысы туралы есеп берілді.

Қазақстан Президенті қазір ұлттық валютаныӊ еркін айырбас бағамы саясатыныӊ жүргізіліп жатқанын айтып, Ұлттық банктіӊ инфляция өсіміне жол бермеу жөніндегі міндетін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Д.Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады.

- Жалпы, ахуал тұрақты. Қазір тамыз айыныӊ басында ішкі және сыртқы сипаттағы жекелеген факторлар әсерінен болған ауытқулардан кейін айырбас бағамы тұрақтанды. Алаӊдауға еш негіз жоқ, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Елбасы кездесу соӊында бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны