17.04.2018, 20:30 3969

Елбасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады

Кездесу соӊында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді, соныӊ ішінде Қазақстанныӊ экспорттық және транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әрі қарай іске асыру жөнінде айтты.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2017 жылдыӊ қорытындылары бойынша экономикалық даму көрсеткіштеріне жасалған талдау нәтижелері жөнінде мәлімделіп, министрліктіӊ қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында стратегиялық жоспарлау мен болжам жасаудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

- Барлық шаралар Қазақстан экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік бағдарламалардыӊ, соныӊ ішінде "Бес әлеуметтік бастаманыӊ" іске асырылу барысын зерттеу қажет. Ұлттық экономика министрлігі орталық және өӊірлік деӊгейдегі барлық мемлекеттік органдардыӊ қадамдарын айқындауы керек, - деді Қазақстан Президенті.

Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысына биылғы бірінші тоқсанда қол жеткізілген экономикалық даму нәтижелері және экономикамызға жалпы әлемдік үдерістердіӊ тигізіп отырған әсері жөнінде баяндады.

Кездесу соӊында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді, соныӊ ішінде Қазақстанныӊ экспорттық және транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әрі қарай іске асыру жөнінде айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны