20.09.2006, 15:08 3063

Елбасы Ұлттық компаниялардағы еңбекақы төлеу жүйесін реттеуге бағытталған нормативтік актілерді бір айда қабылдауды тапсырды

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық компаниялардағы еңбекақы төлеу жүйесіне талдау жасап, оны реттеуге бағытталған нормативтік актілерді бір айда қабылдауды тапсырды. Бұл туралы бүгін ҚР Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі Анар Мешінбаева құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, Қауіпсіздік кеңесінің бүгін өткен отырысының күн тәртібіне енгізілген бір мәселе ұлттық компаниялардың мемлекеттік активтерін басқару проблемасы болған.

"Осы мәселені қарау қорытындысы бойынша президент мемлекеттік компаниялар мен даму институттарының іс-қызметіне обьективті бақылау жасау жүйесін енгізуді тапсырды",- делінген бүгін таратылған баспасөз баянында.

"Үкіметке ұлттық компаниялар мен мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдардың басқарушы органдарында еңбекақы қорын қалыптастырудың біртұтас принциптерін енгізу тапсырылды. Мемлекеттің қатысуымен құрылған компаниялардағы жағдайды директорлар кеңесінің мүшелері тікелей жауапкершілікке алып, олардың осыған қатысты нақты құзыреті аясы белгіленбек. Өйткені, директорлар кеңесін салалық министрліктер мен мекемелердің жетекшілері басқарады".

"Қызмет этикасын бұзған жекелеген тұлғаларға қатысты үкімет тиісті шешім қабылдауға тиіс",- делінген баспасөз баянында.

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру барысын қадағалау міндеті Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны