21.08.2017, 15:59 5243

Елбасы "Ұмай жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ шаруашылығына барды

Мемлекет басшысы астық алқабыныӊ жағдайымен және егiн шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, оны сатумен айналысатын аграрлық кәсiпорынныӊ қызметiмен танысты.

Көкшетау. 21 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы астық алқабыныӊ жағдайымен және егiн шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, оны сатумен айналысатын аграрлық кәсiпорынныӊ қызметiмен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа алдағы егiн ору науқаны және оған ауыл шаруашылығы техникаларыныӊ дайындығы туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентi облыстыӊ шаруаларымен әӊгiмелесiп, ауыл шаруашылығыныӊ қазiргi жағдайы жөнiнде сұрады.

Иӊгiме барысында шаруашылық еӊбеккерлерi Елбасыға қабылданған агроөнеркәсiп кешенiн дамыту бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлiп отырғаны туралы айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлермен бiрге субсидия беру, аграрлық өнiмдер экспортын дамыту және шаруашылықты технологиялық жаӊғырту мәселелерiн талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны