16.03.2016, 18:02 4633

Елбасы "УПНК-ПВ" ЖШС-да болды

Мемлекет басшысы мұнай коксын қыздыратын зауыт жұмысымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаевқа индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасыныӊ жүзеге асырылу барысы мен "Павлодар" арнаулы экономикалық аймағыныӊ жұмысы туралы баяндалды

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы мұнай коксын қыздыратын зауыт жұмысымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаевқа индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасыныӊ жүзеге асырылу барысы мен "Павлодар" арнаулы экономикалық аймағыныӊ жұмысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті кәсіпорын жұмысшыларымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Иӊгіме барысында Мемлекет басшысы елдіӊ индустриялық дамуындағы өӊірдіӊ елеулі рөлін атап өтті.

- Павлодар - Қазақстанныӊ қуатты өнеркәсіп орталығы. Сіздер жұмыс істейтін өндірістіӊ маӊызы өте зор, өйткені ол осында өндірілетін өнімді сырттан импорттаудан құтқарды. Енді оны өзіміз экспорттаймыз. Электролиз зауыты өзіміздегі мұнай коксы арқылы жұмыс істейді, ал сіздер осындай алдыӊғы қатарлы кәсіпорында еӊбек етесіздер. Қазақстанды индустрияландыру дегеніміз - осындай кәсіпорындар салу, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті электр энергетикасында көмір қолданатын біздіӊ ел үшін ауаға тарайтын зиянды заттарды тазарту және экологияны сақтау аса маӊызды мәселе екенін де айтты.

"УПНК-ПВ" ЖШС құрылысы Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылды. Кәсіпорын өнімін қазіргі кезде Қазақстан электролиз зауыты тұтынады. Алдағы уақытта өнімніӊ бір бөлігін Ресей мен Қытайға экспорттау жоспарланған.

Қазіргі уақытта "Павлодар" АЭА аумағында 4 кәсіпорын жұмыс жүргізуде, тағы 8 жоба жүзеге асырылудыӊ түрлі кезеӊінде тұр. Таяу арада бірқатар жаӊа нысандарды, соныӊ ішінде агрохимиялық өнімдер, жағармай материалдары өндірістерін, сондай-ақ химия-металлургия кешенін іске қосу жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны