12.12.2011, 13:42 4428

Елбасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының Бас хатшысын қабылдады

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының Бас хатшысын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады.

Н. Бордюжа Президентті ҰҚШҰ-ның ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына дайындық барысынан хабардар етті.

"Тамыз айында Астанада ҰҚШҰ-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтті. Жоғары деңгейде өткен кездесу өте нәтижелі болды. Президенттер Ұйымды дамытудың ойластырылған, терең мәселелері жөнінде уағдаласты. Бүгін мен Қазақстан Президентін Мемлекет басшыларының Астанада қол жеткізген келісімдердің орындалу барысынан хабардар еттім. Мәскеудегі сессияда бірқатар мәселелер талқыланып, ҰҚШҰ-ның дамуына айтарлықтай серпін беретін құжаттар қаралатын болады. Ұйымға Төрағалық ету Қазақстан Республикасына өтеді. Идетте, Қазақстанның төрағалығы өте креативті және табысты болады, сондықтан біз келесі жыл ҰҚШҰ қызметі қарқындылығымен және тиімді нәтижелерімен ерекшеленеді деп сенеміз", - деп атап өтті Н. Бордюжа.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны