23.05.2012, 17:55 3092

Елбасы V Астана экономикалық форумы аясында "ЭксонМобил" корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Рекс Тиллерсонмен кездесті

Кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда "ЭксонМобил" компаниясымен берік серіктестік қарым-қатынастар орнағанын атап өтті.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев V Астана экономикалық форумы аясында "ЭксонМобил" корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Рекс Тиллерсонмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда "ЭксонМобил" компаниясымен берік серіктестік қарым-қатынастар орнағанын атап өтті.

"Біз осы ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетіндеміз. Біздің бәрімізді "Қашаған" жобасын іске асыру қызықтырады, бұл жөнінде барлық мәселе келісілген. Сонымен қатар, сіздің компанияңыз Шетел инвесторлар кеңесіне белсене қатысады. "ЭксонМобил" - Қазақстан үшін маңызды серіктес, сондықтан бізге ұлттық экономиканы қарқынды дамытуға және табиғи ресурстарды тиімді игеруге көмектеседі", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Р.Тиллерсон де Қазақстанмен серіктестік қарым-қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірді.

"ЭксонМобиль" әлемдегі ірі жеке меншік мұнай компаниясы болып табылады. Корпорация Қазақстанда 19 жыл жұмыс істеп келеді, Солтүстік-Каспий мен Теңіздегі жобаларға, Каспий құбыры консорциумы мен Қазақстан Каспий жүйесі тасымалына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны