23.05.2013, 17:23 5868

Елбасы VI Астана экономикалық форумы аясында Нобельдіктер мұрасы Баку қорының басшылары Густав Нобельмен, Филипп Нобельмен және Тугрул Бакировпен кездесті

Кездесуде Нобельдіктер мұрасы Баку қорымен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективасы қаралды.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VI Астана экономикалық форумы аясында Нобельдіктер мұрасы Баку қорының басшылары Густав Нобельмен, Филипп Нобельмен және Тугрул Бакировпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесуде Нобельдіктер мұрасы Баку қорымен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективасы қаралды.

Тараптар Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер барын атап өтіп, оларды жүзеге асыру үдерісіндегі өзара іс-қимылдың жемісті болатынына сенім білдірді.

Нобельдіктер - өнертапқыштар мен өнеркәсіпшілер швед-орыс отбасынан, бірқатар сыйлықтардың, атап айтқанда, Нобель сыйлығының негізін қалағандар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны