21.05.2015, 14:42 3657

Елбасы VIII Астана экономикалық форумына қатысуға келген Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельді қабылдады

Кездесу барысында екі елдіӊ ынтымақтастығын нығайту перспективалары, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынастарды ЕО-ға Люксембургтіӊ алдағы төрағалығы аясында тереӊдету мәселелері қаралды

Астана. 21 Мамыр. Kazakhstan Today - Кездесу барысында екі елдіӊ ынтымақтастығын нығайту перспективалары, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынастарды ЕО-ға Люксембургтіӊ алдағы төрағалығы аясында тереӊдету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы біздіӊ еліміз былтыр Қазақстан мен ЕО-ныӊ кеӊейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы келісім жобасы жөніндегі келіссөздерді аяқтау туралы құжатқа қол қойғанын еске салды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

- Сіздердіӊ төрағалық еткен кезеӊде осы үдерістер аяқталады деп үміттенемін. Елдеріміздіӊ достық қатынастарын ескере отырып, Еуропалық одақпен өзара ықпалдастық кезінде виза режимін жеӊілдетуді, авиация саласындағы шектеулерді алып тастауды қамтитын бірқатар мәселелерді шешу ісінде Сіздіӊ қолдауыӊызға сүйенеміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай тереӊдетудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны