28.08.2012, 19:20 2969

Елбасы жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасындағы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекет басшысы рәсім кезінде сөйлеген сөзінде елшілерді Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтады.

Астана. 28-тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасындағы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Президентке Австрия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Вольфганг Баняй, Румынияның Төтенше және өкілетті елшісі Николае Уреке, Въетнам Социалистік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Нгуен Ван Хоа, Грузия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Давид Мумладзе, Испания Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Мануэль Ларротча Парада, Нидерланды Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Пейтер Ван Леувен, Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Омер Бурхан Тузель сенім грамоталарын тапсырды.

Мемлекет басшысы рәсім кезінде сөйлеген сөзінде елшілерді Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтады.

"Сіздердің қызметтеріңіз сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, екі жақты ынтымақтастықтың әлеуетін барынша ашуға бағытталады деп сенемін. Қазақстанның сыртқы саясаты үшін биылғы жылдың маңызды мәні бар. Биыл біз Қазақстанның сіздердің елдеріңізбен дипломатиялық қатынастар орнатқанына 20 жыл толуын атап өтеміз. Осы уақыт ішінде біздің елдерімізде кең ауқымды өзгерістер болып өтті. Ол екіжақты қарым-қатынастардың дамуына оң ықпал етті", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны