04.01.2012, 14:53 3753

Елбасы Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын қаңтар айының аяғына дейін ұзартты

«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 желтоқсанда № 197 Жарлығымен енгізілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының шекараларында төтенше жағдайдың қолданысы 2012 жылғы 31 қаңтардағы 7 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын".

Астана. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасы Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын қаңтар айының аяғына дейін ұзартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы "Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы" Жарлыққа қол қойған.

"Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Қазақстан Республикасы "Төтенше жағдай туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 желтоқсанда № 197 Жарлығымен енгізілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының шекараларында төтенше жағдайдың қолданысы 2012 жылғы 31 қаңтардағы 7 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", деп айтылған жарлықта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны