16.11.2012, 19:35 3190

Елбасы жастар бастамасы қорын құруды тапсырды

Мемлекет басшысының атап өтуінше, елімізде 11 жастар ұйымы жұмыс істейді. Олармен Үкімет, әрбір министрлік, әрбір ведомство тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет.

Астана. 16-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде өткен "Жас Отан" жастар қанатының ІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке жастар бастамасы қорын құруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, елімізде 11 жастар ұйымы жұмыс істейді. Олармен Үкімет, әрбір министрлік, әрбір ведомство тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет.

Сонымен бірге "Жас Отан" өкілі үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс кеңесінің құрамында болуы керектігін баса айтқан Елбасы: "Мен Үкіметке Жастар бастамасы қорын құру мәселесімен жұмыс істеуді тапсырамын", - деді.

Бұл орайда Мемлекет басшысы барлық министрліктер мен әкімдіктердің стратегиялық жоспарларына жастармен жұмыс индикаторын енгізуді де тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны